Bookmark and Share
Раздел: Продукты / Шины / Грузовики и автобусы
« Назад
Грузовики и автобусы

Кәсіби мамандарға арналған жаңартылған үлгілік қатар

 

Қыс сөзін білетін барлық жерлердегі кәсіби мамандарға арналған.

Nokian Hakkapeliitta  қысқы шиналары жолмен тамаша жанасуды қамтамасыз ету арқылы ең ауыр қысқы жағдайларда пайдалану үшін жарамды. Бүгінгі заманғы технологиялар мен бірегей инновациялардың үйлесімі Nokian Hakkapeliitta Truck шиналарын әлемдік дәрежедегі ең сенімді қысқы шиналардың бірі етеді. Кез келген жағдайларда мыңдаған километрлерді жайлы жүріп өту.

 

Жүк машиналары мен автобустарға арналған шиналар кәсіби жүргізуші кездесуі мүмкін кез келген климатта және кез келген жағдайларда сенімді де үнемді болуы тиіс. Протектордың оңтайландырылған сызбасы мен құрылымы жүріс кезіндегі жайлылықты қамтамасыз етумен шектелместен, сонымен бірге тербеліске төмен кедергінің  арқасында отын жұмсауды азайтады. Nokian Hakka Truck шиналары ең ауыр және құбылмалы ауа райы мен жол жағдайларында  жұмыс істеуге арналған, әрі қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптар ескерілген.

 

Жыл бойы үнемділік.

Жүк машиналары мен автобустар үшін жасалған Nokian NTR шиналары жыл бойы пайдалануға арналған. Қозғалыс жағдайларына қатыссыз қауіпсіздік пен басқару қамтамасыз етілген. Баға/сапа жақсы арақатынасының арқасында үнемділік жасалады. Шина көлемдерінің кең қатары барынша түрлі варианттарды қамтиды.  M+S (балшық + қар), таңбасы бар осы шиналар тіпті ең қиын қыс жағдайларында да барлық сенімдерді ақтайды.

Тіпті ең қиын жағдайларда да қауіпсіз қозғалыс пен үнемділік

 

Жүк автомобильдері мен автобустарға арналған Nokian шиналары кез келген ауа райы мен жол жағдайларында қауіпсіз жүрісті қамтамасыз ету мақсатымен әзірленді. Біздің  Ивалодағы (Лапландия) және Нокиадағы сынау орталықтарымызда біз жылдың кез келген мезгілінде экстремалды жағдайларда шиналарды сынақтан өткіземіз. Біздің шиналарымызды әрмен қарай әзірлеу ең құбылмалы ауа райы мен өзгермелі жол  жағдайларында миллиондаған киолметрлерді жүріп өтуді ұйғарады. Көлік компанияларымен тығыз ынтымақтастық жүргізу бізге пайдаланудың бағалы тәжірибесін береді, ол ең жоғары сапалы шиналар жасауға септігін тигізеді. Кәсіби жүргізушілерге ең қауіпсіз және үнемді шиналар ұсыну біздің жан-жақты сынақтарымыздың мақсаты болып табылады. Біздің біліктілігіміз әлемде сонау 1934 жылы бірінші қысқы шина жасаудан бастау алатын ежелгі дәстүрлерге сүйенеді.

 

Nokian Hakkapeliitta Truck F қысты бағындырады

 

Nokian Hakkapeliitta шиналарының тобы кеңейді. Nokian Hakkapeliitta Truck F жаңа үлгісі кәсіптік жүк автомобильдері мен автобустардың алдыңғы доңғалақтарына арналған.  Hakkapeliitta ең озық дәстүрлерінде жасалған осы жаңа шина  Nokian Tyres – негізгі құзырын-қысқы жағдайларды терең білуді көрсетеді.

 

Орта және алыс қашықтықтарға арналған сенімді қысқы шина. Жолмен тиімді жанасу, тамаша төзімділік пен экстремальды жағдайларға үнемді жүріс. Жүргізушінің барлық әрекетіне дәл және орнықты бағыну.