Nokian қысқы шиналарының тарихына 75 жылдан асты
Nokian қысқы шиналарының тарихына 75 жылдан асты
Бір сәт тоқтай қалып, қысқы көріністі тамашалаңыздар және 75-жылдық мерейтойды мерекелеу аясында www.nokiantyres.com/hakkapeliitta75 Интернет-сайтындағы біздің тарих парағымызда жарияланған, қар басқан және мұз қатқан жолдармен жүру чемпионының тарихын оқыңыздар.
1932 жылы, шиналар дайындау үшін қажет компрессорлар мен вулканизациялық пресстерге тапсырыс жасалғанда, Нокиадағы рәзіңке бұйымдары зауытында жеңіл автомобильдерге арналған шиналар өндірісі іске қосылды. Ең алғашқы Nokian шиналарының төрт қабат материалы мен қалқан қағылғандай теп-тегіс тысы болды.
1934 жылы әлемде ең алғашқы қысқы шина жасалды
Шиналар өндірісінің ең алғашқы сатыларында Nokian инженерлері Солтүстіктің жағдайларында пайдалану үшін ыңғайлы арнайы шиналар жасау қажеттілігін бірден түсінді. Нәтижесінде, жүк автомобильдерінде қыста пайдалануға арналған, протекторлық сызбасы бар ең бірінші шина жасалды, оны «ауа райының шинасы» /weather tyre/ деп атады.
1936 жылы «Hakkapeliitta» бірінші шинасы шығарылды
Ең алғашқы қысқы шина жеңіл автомобильдерде пайдалануға арналған «Hakkapeliitta» бірінші қысқы шинасы үшін негіз қалады, кейінірек ол «Snow Hakkapeliitta» болып аталды. Шина протекторының кедір-бұдыр, біршама сирек көлденең қимасы болды, әрі емізіктер аталатын тетіктермен жарақталды. Протектордың осындай қимасы 1950-ші жылдарға дейін өзгеріссіз қалды. Қысқы соғыс басталғанға дейін Nokian алты түрлі көлемдегі 20 000 «Hakkapeliitta» шиналарын шығарды.
Монте-Карлодағы әлемдік тұсаукесер рәсімі
«Nokian Hakkapeliitta» қысқы шиналарының жарқын да тамаша тарихы бар. 1936 жылдан бері өндіріліп келе жатқан «Hakkapeliitta» шиналары Монте-Карлода 1950-ші және 1960-шы жылдарда өткен аңызға айналған раллилерде бүкіл әлемге танымал болды. «Kometa Hakkapeliitta» бұдырлы шиналарымен жабдықталған автомобильдер қар басқан және мұз қатқан таулы жолдармен жүру басымдылығына ие болды. Финн пилоттары раллидегі жарыстарда бұрынғысынша жақсы өнер көрсетіп, сол үшін «Ұшатын финндер» /Flying Finns/ аталды. «Hakkapeliitta» шиналары өздерінің бірегей ерекшеліктерін көрсетіп, көп ұзамай көптеген елдерден келген қарсыластардың қалаулысына айналды.
Мұзбен жүру жылдамдығының әлемдік рекорды
Қазіргі Hakkapeliitta шиналары да сондай-ақ Монте-Карло раллиі сияқты серпінді жарыстар кезінде керемет сипаттамаларын көрсетеді. Мұздағы автомобиль жылдамдығының әлемдік рекордын Nokian Tyres жүргізуші-сынаушысы Янне Лайтинен /Janne Laitinen/ жасады, ол Оулудағы, Финляндия, Ботника шығанағы арқылы 331,610км/с жылдамдықпен (206,05м/с) ағызып өтті. Рекорд 2011 жылы 6 наурызда қату жағдайларындағы 14 километрлік мұз тректе жасалды. Қысқы шиналар өндірудің әлемдік лидері жылдамдық рекордын жасаған автомобильді Nokian Hakkapeliitta 7 бұдырлы шиналарымен жабдықтады (255/35R20 97 T XL).
75 жыл қауіпсіздік
НИОКР бөлімінің жұмыс принципі 75 жыл бойы азды-көпті өзгеріссіз қалды, өйткені Солтүстік жағдайларында жүретін, қауіпсіздікті бағалайтын және кез келген жағдайда шиналардың сенімді жұмыс істеуін күтетін адамдар үшін шиналар жасау қажетті міндет болып табылады.
«Nokian Hakkapeliitta» тобында «Nokian Hakkapeliitta 7», «Nokian Hakkapeliitta 7 SUV» бұдырланған шиналары мен «Nokian Hakkapeliitta R» бұдырсыз шиналары ең соңғы жаңа өнімдер болды. Барлық шиналар финн, сондай-ақ халықаралық журналдар өткізген сынақтарда бірнеше рет жеңіске жетті. Шиналар өндіру процесінде қатал ауа райы жағдайларында жолмен жанасуды жақсартатын, шайқалысқа (тербеліске) кедергіні азайтатын, демек отын жұмсау мен көмір қышқыл газдарының шығарындыларын кемітетін көптеген инновациялар пайдаланылады.

Ең алғашқы «Nokian Hakkapeliitta» шинасы, 1936 жыл: «Snow-Hakkapeliitta».
- «Hakkapeliitta» он жылдықтары (pdf)
- Тарихтың қысқаша очеркі
- Жүз жылдан асатын кәсіби машықтар, өнертапқыштық пен талпыныстар («Nokian Tyres» қызметкерлеріне арналған «Hakkapeliitta Spirit» журналындағы мақала).
- Nokian қысқы шиналары, 1934 жылдан бүгінгі күнге дейін. (Бейнелер коллекциясы, pdf.)
- Ең бірінші «Hakkapeliitta» шинасы- қар басқан жолдармен жүрудің жеңімпазы. (Бейнежазба, файл mpg, көлемі 3,9MB. Финн тіліндегі аудио.)
Жарияланымдар:
- «Hakkapeliitta» онлайнның 75-жылдық тарихы (ағылшын тілінде)
- Nokian шиналары мұздағы ең жылдам шиналар: әлемдік жаңа рекорд 331,61км/сағ.! (ағылшын тілінде)
- «Nokian Hakkapeliitta» брендіне 75 жыл. «Hakkapeliitta» табысы мен өсіп-өркендеуінің тарихы жалғасуда. (ағылшын тілінде)





